Атырауда құжаттарды қоқысқа кім тастағаны белгілі болды

1072

Ол көлік жүргізушісі болып шықты. 

Атырауда құжаттарды қоқысқа кім тастағаны белгілі болды

Атырау қаласында бұған дейін маңызды құжаттардың, оның ішінде, мөрлер мен жарамдылық мерзімі бітпеген жеке куәліктерінің қоқысқа тасталғанын жазған болатынбыз. Кейін бұл құжаттардың әділет департаментіне тиесілі екені анықталды.

Алайда бір ғимараттың ішінле орналасқан әділет департаменті де, халыққа қызмет көрсету орталығы да мұндай әрекетке ешқашан бармайтындарын айтып, ат-тондарын ала қашқан. 

Қазіргі күні мемлекеттік мекеменің құжаттарын қоқысқа кім тастағаны анықталды. Ол – 28 жастағы азамат, құрылыс компаниясының жүргізушісі. Айтуынша, құрылыс қалдықтарын тиеген кезде ішіндегі қағаздарымен бірге ала салған. Оған қалалар мен елдімекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу бабы бойынша айыппұл салынып отыр.

"Аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік Құқықбұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бірінші бөлігіне байланысты  хаттама толтырылды", - деп мәлімдейді облыстық ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы Мейірім Ақдәулет.

Белгілі болғандай, жүргізуші облыстық әділет департаментінен шыққан қоқыс-қалдықты алып кеткен. Былай қарағанда, оны жіктеп-бөліп жату көлік иесінің құзырына жататыны күмән туғызады. Сол сияқты, әзірге құжаттардың көзін жоймастан мекемеден шыққан қоқыстың арасына сала салған департаменттің қандай жауапкершілікке тартылатыны да белгісіз қалып отыр. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу