Атырауда қырыққа тарта жас маман ауылдық жерлерге барды

993

Елдімекендерде жұмыс істеуге өтініш беретіндердің басым көпшілігі білім беру және денсаулық сақтау саласын бітірген мамандар екен.  

Атырауда қырыққа тарта жас маман ауылдық жерлерге барды

Атырау облысында  "Дипломмен ауылға" жобасы бойынша  ауылдық жерге жұмысқа орналасатын жас мамандардың басым бөлігі Индер ауданында болып шықты. Елдімекендерде жұмыс істеуге өтініш беретіндердің басым көпшілігі білім беру және денсаулық сақтау саласын бітірген мамандар екен. Былтыр осы жоба аясында білім беру саласына 21 адам, денсаулық сақтау саласына сегіз адам тартылған. Атырау облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне сәйкес, биыл 135 жас маманға жеңілдетілген несие беру жоспарланып отыр. 

"Қазіргі уақытта отыз тоғыз маманның өтініші мақұлданды. Жас мамандардың өтініш жіберуге әлі де мүмкіндіктері бар. Ол үшін қалалық және аудандық әкімдіктердің экономика және қаржы бөліміне немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарына құжаттарын тапсыруы қажет", – дейді Атырау облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан.

Сондай-ақ, 2020 жылы ауылдық елдімекендерге жұмысқа келген мамандарға жергілікті бюджеттен 100 айлық АЕК көлемінде біржолғы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға 1500 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі бюджеттік несие  қарастырылған.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу