Атырауда қырылған балықты жою жұмыстары жүріп жатыр

1617

Жұмыс комиссия мүшелерінің көзінше жүргізілуде.

Атырауда қырылған балықты жою жұмыстары жүріп жатыр

Атырауда қырылып қалған бекіре өртелді. Осылайша "Луговой жылқы зауыты" 101 тоннадан астам балықтың көзін жоймақ, деп хабарлайды astanatv.kz.

Зауыт мамандары жиналған балықты Жайық өзені арқылы жағаға шығарады. Өлексенің 90 пайызы жануарлар мен медициналық қалдықтарды өртейтін крематорияның 4 пешінде күніне екі мезгіл өртеліп жатыр.

"Балықтардың 90 пайызы тасымалданды. Күніне 4 рет апарамыз. Әр рейсте көп дегенде 20 қапшық сияды. Жою жұмыстары комиссия мүшелерінің көзінше жүргізіліп жатыр", – дейді "Луговой жылқы зауыты"ЖШС балық өсірушісі Руслан Досалиев.

Естеріңізге салайық, Атырауда желтоқсанның басынан бастап Жайық өзенінде балықтардың жаппай қырылу дерегі тіркелген. Кейін бекіре өсіру зауыттарында да бекіренің уланып өлгені белгілі болды. Табиғи апатқа байланысты екі қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатыр. Алайда, арада үш ай өтсе де кінәліні әлі тапқан жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу