Атырауда қыз бала көп мөлшерде дәрі ішкен

984

Ақ халаттылар оны құтқарып қалды.  

Атырауда қыз бала көп мөлшерде дәрі ішкен

Атырауда үй-ішінде болған ұрыс-керістен кейін 12 жасар қыз бала қан қысымын түсіретін дәріні көп мөлшерде ішіп, уланып қалған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін он екі сағат бойына арпалысып, аман алып қалды.

Облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Дулат Сабыровтың айтуынша, жасөспірім бірден облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Кейін жағдайы жақсарған соң палатаға ауыстырылады. Соңғы дерек бойынша оның денсаулығы қалпына келіп, үйіне шығарылған. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу