Атырауда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтеді

348

Осыған байланысты Атырау қаласының жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізіледі.

Атырауда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтеді Фото: zakon.kz

15 маусымда Атырау және Маңғыстау облыстарының аумағында лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Әскери-теңіз күштерінің жедел штабы ақпараты негізінде. 

Штабта атап өтілгендей, басты міндет – Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан теңіз шаруашылық қызметі объектілерінде лаңкестік актілердің жолын кесу бойынша терроризмге қарсы операцияға тартылған күштер мен құралдарды кешенді пайдалануды іс жүзінде дамыту.

Осыған байланысты, көрсетілген уақыт аралығында Атырау қаласының жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізіледі.

"Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын өтіп жатқан жаттығуларға түсіністікпен қарап, сабырлық танытуды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген Әскери-теңіз күштерінің лаңкестікпен күрес жөніндегі жедел штабының тараған хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу