Атырауда лас ауаның зардабын тартып отырғандар Үкіметке петиция жолдады

659

Петиция бүгін үкіметке жолданды. Оған 600-ге жуық адам қол қойған.

Атырауда лас ауаның зардабын тартып отырғандар Үкіметке петиция жолдады Фото: baq.kz

Халықты улап жатқан ірі компанияларды қаладан көшірсін. Ол мүмкін болмаса, зауыттар төлейтін миллиондарды ел қазынасына қоспай, облыс бюджетіне қалдыру қажет. Осылай деген Атыраудағы БАҚ өкілдері мен ЭКО белсенділер демалыс күні бейбіт митингке шықты. Лас ауаға тұншыққан тұрғындар экологиялық проблеманы біржақты етуді сұрайды. Тіпті үкіметке петиция да жолдады. 

Соңғы 2-3 апта бойы Атыраулықтар көк түтіннен көз ашпады. Жұрт қамыс өртінен келген қою қара түтін мен алпауыт компаниядан будақтаған лас ауаның ортасында қалды. Экологиялық ахуалды көзбен көре тұра, қол қусырып отырған әкімдік пен жауапты министрлікке ашынғандар бейбіт митинг ұйымдастырды.

"Халықа таза ауа берсін. Егер де билік халықты тыңдайтын болса, президент айтпақшы, "еститін үкімет" болса, ауа керек бізге. Атыраулықтарға ауа керек. Үлкенімізгеде, кішімізге де ауа керек. Алланың берген ауасын тазартып берсін",- дейді митингтегі белсенді Кәмшат Әділова.

Қара алтынның үстінде отырып, мұнайдың пайдасын емес кесірін көргендер облыстағы науқастардың артқанын айтады. Соның ішінде даму кемістігі бар нәрестелер саны 4 есеге көбейген. Онкология да ырық берер емес. Қараша мұның бәрі лас ауадан екеніне сенімді. 

"Жергілікті компаниялар үкіметке айыппұл төлейді. Оның бәрін ел қазынасына салмай, облыста қалдыру қажет. Күкірт пен улы газды жұтып, зардабын тартып отырған жұртқа жұмсау керек. Сондай-ақ, зауыт өз технологияларын халықаралық стандарт бойынша заманауи құрылғылармен қамтуы тиіс. Біз осыны талап етеміз", деді тәуелсіз эколог Галина Чернова. 

Петиция бүгін үкіметке жолданды. Оған 600-ге жуық адам қол қойған. Құжатта мұнай-химия зауыттарын қала сыртына көшіру, экологиялық айыппұлдарды облыстық бюджетке қалдыру, зауыттардағы сүзгілер мен өзге құрылғыларды заманауи стандарқа сай жасақтау сынды бірнеше талап бар.  

"Бүгінгі бейбіт жиынның қорытындысы бойынша біз негізгі талаптарды көрсетіп, петиция дайындадық. Бұл  петиция жоғарыға үкіметке кетеді. Ары қарай осы талаптардың орындалуын талап ететін боламыз",- дейді активист Нұргүл Хайруллина.

Ауруын жасырған өледі деп дабыл қаққан жұрт енді мұндай бассыздыққа төзбейтіндерін айтады. Петициядағы талап орындалмайынша, байыз таппаймыз деп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу