Атырауда лифт құлап, 4 адам зардап шекті

228

 Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға техникалық ақау себеп болуы ықтимал.

Атырауда лифт құлап, 4 адам зардап шекті Фото: azh.kz

Оқиға 5 қазанда Б.Құлманов көшесі 1Б мекенжайындағы "Гранд Атырау" тұрғын үй кешенінің "Б" блогында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оқиға шамамен сағат 10:05-те болған. Ішінде 4 ересек адам мінген лифт үшінші қабат деңгейінен құлаған.

Зардап шеккендерді медицина қызметкерлері тексерген. Куәгерлердің мәліметінше, үш адам Атырау облыстық ауруханасына жеткізілген. Тағы бір адам ауруханаға жатудан және медициналық көмектен бас тартқан.

Оқиға орнына Атырау қаласының әкімі Данияр Таханов барып, тұрғындармен және жауапты қызмет өкілдерімен кездесті.

Қала әкімі лифтінің құлау себебін жедел анықтауды, сондай-ақ қаладағы лифтілердің техникалық жағдайы мен қауіпсіздігін тексеруді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу