Атырауда лифт шахтасына құлап кеткен қыз құтқарылды

963

 Ол облыстық аурухананың травматология бөліміне жеткізілді.

Атырауда лифт шахтасына құлап кеткен қыз құтқарылды

Атырауда 22 жастағы бойжеткен лифт шахтасына құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бүгін, таңғы сағат 6.05-те Авангард шағын ауданындағы 9 қабатты тұрғын үйлердің бірінде төтенше жағдай болғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына құтқарушылар бригадасы барды. 1996 жылғы қыздың лифт шахтасына құлап кеткені анықталды. Құтқарушылар бойжеткенді шығарып алды. Ол облыстық аурухананың травматология бөліміне жеткізілді", - деп хабарлады Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Жанар Қаржаубаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу