Атырауда май ауыстыру орталығында ГАЗель көлігі өртеніп кетті

137

Өрттің тұтану себебі белгісіз. 

Атырауда май ауыстыру орталығында ГАЗель көлігі өртеніп кетті Фото: Атырау облыстық ТЖД

Атыраудағы май ауыстыру орталығында ГАЗель жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, өрт туралы бүгін, 27 мамыр сағат 11:10-де хабар берілген.

"Атырау қаласының Мирас шағын ауданында орналасқан май ауыстыру орталығының алдында ГАЗель маркалы жүк көлігі өртенді. Көліктің иесі 1982 жылғы жүргізуші өрт сөндірушілердің көмегіне жүгінді. Құтқарушылар көлік өртін сағат 11:21-де оқшаулап, толықтай сөндірілді", - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Жүк көлігін шарпыған өртті сөндіруге Атырау қаласындағы №14-өрт сөндіру бөлімінің 6 құтқарушысы мен 1 техника жұмылдырылды. Әзірге көлік өртінің тұтану себебі белгісіз болып отыр. Құтқарушылар жалынның шығу себебін анықтауға кірісті.

"Жүргізушілерден автокөліктегі өрт ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз. Өрт өкінішке ұласар тосын жайтқа ұласуы мүмкін екенін естен шығармаған жөн", - деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу