Атырауда мал ауруының алдын алу үшін 1 миллионнан астам вакцина сатып алынады

1122

Атырауда мал ауруының алдын алу үшін 1 миллионнан астам вакцина сатып алынады

Үй жануарларын қауіпті аурудан қорғау мақсатында жүргізілетін егу жұмыстары ақпан айынан басталады, деп хабарлайды atr.kz.

Ауыл шаруашылығы департаменті ветеринария бөлімінің мәліметінше, биылғы жылы облыста мал ауруларының алдын алу үшін 1 миллионнан астам вакцина сатып алу жоспарланып отыр.

Осы орайда, барлық жануар міндетті түрде вакцинацияланатын болады. Қауіпті аурулар тізбесіне түйіндік дерматит, марқа, қарасан, құс аурулары секілді қауіпті мал дерттері енгізілген.

"Қазіргі уақытта Атырау облысында үй жануарларының қауіпті ауруы туралы дерек жоқ. Барлық вакциналар бір жыл ішінде жеткізіледі. Ең алдымен, Қызылқоға ауданына бруцеллез ауруын болдырмау мақсатында үлкен көлемде екпелер жіберіледі", - дейді ауыл шаруашылығы департаменті ветеринария бөлімінің басшысы Элеонора Даутбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу