Атырауда Мәтен қожа зираты өртенген

1895

Киелі орынға кімнің өрт қойғаны әзірге белгісіз. 

Атырауда Мәтен қожа зираты өртенген

Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Тасшағыл ауылында белгсіз біреулер киелі жерлер қатарына кіретін Мәтен қожа әулие қорымын өртеп жіберген. Келеңсіз оқиға 27 қыркүйек күні болған.Тұрғындар мен өрт сөндірушілер екі сағат дегенде қызыл жалынның бетін әрең қайтарған. 

"Атаның мазарын сындырған, атаның түнек үйін өртеп жіберген. Бірақ түнек үйінің заттарын біздер далаға шығардық. Атаның түнек үйін алып қалдық. Басқа ештеңе алып қала алмадық", – дейді аудан тұрғыны Нұртас Бекмағанбетов.

Халық ем іздеп барып, басына түнейтін орынға кімнің өрт қойғаны әлі белгісіз. Оны бұрынғы шырақшы өртеді деген алыпқашпа әңгіме бар, бірақ, олай пайымдауға ешқандай негіз жоқ.

Бұдан бөлек, вандалдар осы маңдағы тағы да 12 зиратты бүлдіріп кетіпті. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу