Атырау қалалық полиция басқармасының ақпаратына қарағанда, 42 жастағы ер адам облыстық ауруханаға ем алу үшін барған.
"Сөйтіп, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттерге барған. Аталған дерек бойынша 42 жастағы азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған іс құжаттары Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді", - деп хабарлады қалалық полиция басқармасынан.
Сот қаулысымен 1981 жылғы азамат ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 5 тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.