Атырауда медициналық жиынтық таратыла бастады

762

Оны әлеуметтік осал топтар алуда.

Атырауда медициналық жиынтық таратыла бастады

Атырау облысында короновирус дертін жұқтырудың алдын алу мақсатында алғашқы медициналық жиынтықтар таратыла бастады. Олар әлеуметтік осал топтарға, соның ішінде, мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алатындарға тиесілі, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Бұл жиынтықтың құрамы ҚР денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген. Облыспен жұмыспен қамту басқармасының дерегінше, қала мен аудандар бойынша жалпы саны 952 медициналық қобдиша таратылуда. Оның ішіне бір цифрлы термометр, 100 медициналық маска, екі қолға арналған антисептик, сондай-ақ, ибопрофен, парацетамол сынды дәрі-дәрмектер кіреді. 

Айта кетейік, медициналық қорғау құралдары қобдишалары Қазақстан Үкіметі, Азия Даму Банкі және Қазақстандағы БҰҰ ДАМУ Бағдарламасының COVID - 19 пандемиясына қарсы күрес жүргізу жөніндегі бірлескен бастамасы аясында Жапония Үкіметінің қаржылық қолдауымен халыққа тегін ұсынылуда.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу