Атырауда "Мейірімді жүрек" ұйымы қаңғыбас жануарларды атқызбауға қол жеткізді

1583

Тек өткен жылы Атырау мен қала маңында 12 мыңдай мысық пен ит жойылған.

Атырауда "Мейірімді жүрек" ұйымы қаңғыбас жануарларды атқызбауға қол жеткізді

Атырауда көбейіп кеткен қаңғыбас иттердің проблемасын оларды ату арқылы шешетін. Еріктілердің айтуымен, БАҚ-та мәселе әлденеше рет жазылғаннан кейін бұл іс орнынан қозғалды. Атырауда қаңғыбас иттерді ұрықсыздандыру бойынша пилотты жоба іске қосылады, деп хабарлайды azh.kz. 

Бұл туралы Атырау әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы азаматтық кеңес мүшелерімен кездесуі барысында белгілі болды. Әкімнің айтуынша, "Мейірімді жүрек" еріктілер ұйымына қатысушылар популяцияны азайтудың анағұрлым адамгершілікке тән тәсілін қолдану ұсынысымен жүгінген. 

"Алдымен жобаны пилотты режимде іске қосамыз, мұның қалай жұмыс істейтінін көреміз. Егер нәтиже болса, тұрақты негізде енгіземіз. Оның үстіне, уақыт өте келе ұрықсыздандыру қала аумағында үй жануарларын сәйкестендіру есебін жүргізуге мүмкіндік береді. Мұндай әдіс Астана мен Алматыда көптен бері қолданылып келеді", – деді әкім.

"Қалалық бюджеттен осы мақсатқа 5 миллион теңге бөлінеді. Қалалық мәслихаттың шешімі шыққаннан кейін әкімдік қаладағы ветеринариялық емханалар арасында қаңғыбас иттерді піштіру қызметін көрсететін ашық электрондық конкурс жариялайды", – деп хабарлайды Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тек өткен жылы Атырау мен қала маңында 12 мыңдай мысық пен ит жойылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу