16 наурызда шамамен сағат 03:30 шамасында полицияға тұрмыстық жанжал салдарынан 58 жастағы әйелдің қаза тапқаны туралы хабарлама түскен, деп жазады inbusiness.kz сайты Атырау облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Департамент мәліметінше, аталған дерек бойынша "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
62 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
"Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу