7 желтоқсан күні сағат 19:31 шамасында Жедел басқару орталығына Нұрсая мөлтек ауданында 9 жастағы жасөспірім қыз мектептен кейін оралмай, жоғалып кетті деген хабарлама түсті.
Полицейлер жедел-іздестіру барысында Батыс-29 экипажы Сұлтан Бейбарыс көшесі Тұлпар мөлтек ауданына ойнап жүріп, тұрғын жайдан алыстап кеткен қызды тауып, ата-анасына жеткізді.
Өз кезегінде әкесі Абзал Бөкенов тәртіп сақшыларының қырағылығына, жедел атқарған жұмыстарына ризашылығын білдірді.
"Жасөспірімді іздеуге учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Жасөспірімнің фотосуреті мен бағыттамасы сол шағын аудандағы ПИК ұйымдарымен құрылған WhatsApp чаттарға жедел таратылды. Сондай-ақ шағын аудандағы бейнекамералар бақыланды. Нәтижесінде, жасөспірім аман-есен табылды. Ата-аналарға кәмелет жасқа толмаған балаларының бос уақытында қырағы болуды және қандайда қауіпті сәттердің алдын алуды, балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігін, балалар қауіпсіздігін алдыңғы қатарға қою керектігін ескертеді", – деді Атырау қаласы Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ерлан Биғамбаев.