Атырауда мектептердің жанына макеттер қойылды

1594

Олар оқушыдан айнытпай жасалған.

Атырауда мектептердің жанына макеттер қойылды

Атырау облысында жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздігі үшін бірқатар шаралар қолға алынды. Атап айтқанда, көлік жолдарының бойынша оқушының макеті қойылып, мектептерді біртіндеп "дабыл" түймелері орнатылуда, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Оқушы макеттері жергілікті компаниялардың бірінің демеушілігімен жасалыпты. Олар мектептердің жанындағы жаяу жүргінші өткелдерінің жанына қойылуда. Макеттер әзірге барлық білім мекемесін түгел қамтымайтындықтан ауыстырылып отырады. Мұндағы мақсат  жаяу жүргіншілер жолына жақындаған көліктердің назарын аударып, жылдамдық асырмауына ықпал ету.  Белгілі болғандай, биыл 37 жол-көлік оқиғасында балалар зардап шеккен.

Сондай-ақ, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтен білгеніміз, оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "дабыл" түймелері орнатылып жатыр. Қазіргі дейін ол Атырау қаласындағы 17, Құлсары қаласындағы 10 мектепке қондырылған. Бұдан бөлек, облыс мектептері бейнебақылау қондырғыларымен толықтай қамтылып, 37 білім ошағы "Сергек" жүйесі арқылы жедел басқару орталығына қосылған. Турникетпен қамтылған мектеп саны – 148, жыл соңына дейін тағы 49 мектепке орнатылады. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу