Атырауда мемлекеттік аудиторлар тапшы

929

Сол үшін әкімдік осы мамандыққа 10 білім грантын бөлді.

Атырауда мемлекеттік аудиторлар тапшы

Атырау облысының әкімдігі алғаш рет мемлекеттік аудитор мамандығына жергілікті бюджеттен 10 білім грантын бөледі. Бұл туралы тексеру комитетінің төрағасы Руслан Бектемір айтты, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Руслан Бектемірдің айтуынша, аймақта мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау органдарында маман тапшылығы бар.

"Осыған байланысты білім беру басқармасымен бірлесіп, кәсіптік-техникалық, орта және орта-арнайы білім беру мекемелерінің түлектері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мақсат- облыс әкімінің мемлекеттік аудитор мамандығы бойынша мемлекеттік грантына үміткерлерді дайындау және іріктеу", – дейді Руслан Бектемір.

Өткен жылы жергілікті мектеп түлектеріне білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп салаларында маман дайындауға жергілікті бюджет есебінен ЖОО-на 231 грант бөлінген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу