Атырауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында алғашқы спорт нысаны салынбақ

101

Құрылыс жұмыстары басталды.  

Атырауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында алғашқы спорт нысаны салынбақ Фото: gov.kz

Салынатын нысан – Атырау қаласында дарынды балаларға арналған облыстық спорт мектеп-интернат-колледжі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ғимаратты 2027 жылдың мамыр айында пайдалануға беру жоспарланған. МЖӘ механизміне сәйкес, жеке әріптес жобалаудан бастап құрылысқа дейінгі жұмыстарды және нысанды пайдалануға берілгеннен кейінгі 5 жыл бойы оны күтіп-ұстау қызметтерін жүзеге асырады.

Жобаның басты ерекшелігі – толыққанды көпфункционалды спорттық-білім беру кешенінің салынуы. Мұнда заманауи оқу ғимараттары мен жайлы жатақхана қарастырылған.

3,2 гектар аумақта 400 орындық оқу блогы, 300 орындық жатақхана, 13 спорт залы, бассейн, асхана, кітапхана, стадион, жүгіру жолақтары, сондай-ақ баскетбол және волейбол алаңдары бой көтереді.

Қазіргі таңда елде 16 облыстық мамандандырылған мектеп-интернат және 4 республикалық мектеп-колледж-интернат жұмыс істейді, онда 6431 спортшы білім алады. Алайда Астана және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Абай, Ұлытау және Қостанай облыстарында мұндай мекемелер жоқ. Сондықтан Атырау облысындағы бұл жоба пилоттық режимде іске асырылып, кейіннен өзге өңірлерге де кеңейту жоспарланып отыр.

Жаңа кешенде 13 олимпиадалық спорт түрі бойынша 400 спортшыны (300 оқушы және 100 колледж студенті) даярлау көзделген. Олардың барлығы Атырау облыстық спорт интернатының тәрбиеленушілері болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу