Тәртіп бұзушы жұма намазы кезінде дұғаны дауыстап оқыған, осының салдарынан намаз оқуды тоқтатуға тура келген. Бұл туралы "Мой город" порталы хабарлап отыр.
Сот Атырау облысы Миялы ауылындағы "Бәйтерек" мешітіне келген адам жұма намазы кезінде дұғаны қатты дауыстап оқығанын, бұл жалпы намазды тоқтатуға негіз болғанын анықтады.
"Сот барысында ауыл тұрғыны намаз оқуды интернет арқылы үйренгенін, ол жерде сүре оқылып біткеннен кейін "әмин" деген сөзді дауыстап айтылатынын айтты. Дегенмен ол мешітке барған кезде имамның ескертуіне қарамастан, "әмин" деген сөзді дауыстап айтуды жалғастыра берген. Намаз оқушы өз кінәсін толығымен мойындады. Сот қаулысы бойынша тәртіп бұзушы айыпты деп танылып, оған жаза ретінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490- бабының 1-тармағы "Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу" бойынша 84 175 теңге көлемінде айыппұл салынды", - деді Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі.