Атырауда мұғалім жетпей жатыр

656

Бұл мамандыққа облыс әкімдігінен бөлінетін грант саны көбейтілді.  

Атырауда мұғалім жетпей жатыр

Атырау облысында соңғы жылдары педагогикалық кадрдан аса тапшылық байқалып келеді. Мұнайлы өңір мұғалімдері мазасы көп, жалақысы аз жұмыстан гөрі, өндіріс мекемелерін қолай көретіні жасырын емес. Қазіргі күні аймақтағы орта білім беру ұйымдарына 472 педагог жетіспейді. Оның ішінде,  74 бастауыш сынып мұғалімі қажет. Осы орайда, бұдан былай педагог мамандығына облыс әкімдігінен бөлінетін грант саны артып отыр.

"Ұстаздардың әлеуметтік жағдайына айрықша мән беріп отырмыз. Олардың жалақысы, тұрғын үй және жас мамандарды жұмысқа тарту мәселесі назарда тұр", – деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов журналистермен өткен брифингте.

Биылғы жаңа оқу жылында Атырау облысындағы білім беру мекемелеріне 101 жас маман келеді деп күтіліп отыр. Оның ішінде, жиырмасы – бастауыш сынып мұғалімі, тағы жиырма маман – "Дипломмен ауылға" бағдарламасы арқылы аудандарға жол тартпақ.

Құралай Қуатова,

Атырау облысы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу