Атырауда мүгедектігі бар адамдарға кіруге болмайтын нысандар бар

354

"Biz de adambyz"  қоғамдық қорының қоғамдық орындарға жүргізген мониторингі кезінде мүмкіндігі шектеулі жандардың сауда орталықтарына кіре алмағаны анықталған. 

Атырауда мүгедектігі бар адамдарға кіруге болмайтын нысандар бар Фото: бейнеден скриншот

Жалпы қор айына 700-ден астам нысанға мониторинг жүргізеді, солардың ішінде кем дегенде 70 нысанға кіруге рұқсат берілмеген, деп жазады Inbusiness.kz.

Жоба қатысушыларының айтуынша, олар барған сауда орталығында пандус жоқ. Бірақ мүгедектер арбасына арналған арнайы көтергіш қарастырылған. 

- Біз қызметкерді шақыру түймесін бастық. Ол сауда орталығынан арба көтергішті іске қосатын қызметкерді шақыруға арналған. Бірақ алдымыздан күзетші әйел шығып, кірмей-ақ қоюымызды сұрады, - деді жоба ұйымдастырушылары ҚазАқпаратқа берген сұхбатында.

Арбаға таңылған бір топ адамды көре тұра кірмеуін өтінген күзетші әйел сұрақтарға жауап берместен қайта кіріп кеткен. 


- Біз қоғамдық орындарды аптасына орта есеппен үш рет бақылаймыз. Атырау қаласы бойынша 700-ден астам нысанға мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында осындай жағдайлар 70-75 рет кездесті, - деді "Biz de adambyz" қоғамдық қорының "Кедергісіз Атырау" жобасының үйлестірушісі Әмір Талапов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу