Атырауда мұнай өңдеу зауыты өртенді

805

Атырауда мұнай өңдеу зауыты өртенді

Атырау мұнай өңдеу зауытында ЭЛОУ-АВТ-3 мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысы өртенді, деп хабарлайды 24.kz. 
ТЖД нысанға 11 техника бірлігін жіберген. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 120 адам жұмылдырылған. 
"Өрт туралы ақпарат сағат 10:10-да түсті, 10 шаршы метр алаң өртенген, өрт сағат 10.30-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу