Атырауда мұнай ұрлап келген қылмыстық топ құрықталды

791

Атырауда мұнай ұрлап келген қылмыстық топ құрықталды

Атырауда Теңіз мұнай-газ кешені нысандарындағы жанар-жағармай материалдарының жүйелі ұрлануына күдікті ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері қамауға алынды, деп хабарлады "ҚазАқпарат".

"Қылмыстық топ мүшелері мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау, сатып алу, тарату, сақтау, сондай-ақ мұнайды олардың алынған жерін заңды түрде растайтын құжаттарсыз өңдеу бойынша айыпталуда. Осы факті бойынша ҚР ҚК 197-бабы, 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ұйымдасқан топтың екі мүшесі қамауға алынды. Тергеу жалғасуда", - дейді №2 қалалық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, 6 қыркүйекте Атырау облысы прокуратурасының үйлестіруімен ҰҚҚД, ІІД және МКД қызметкерлерінен құралған жедел-тергеу тобы Теңіз кені нысандарынан жанар-жағармай материалдарын ұрлаған ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілген болатын. Кейін алынған мұнай өнімдері саудаланатын болған. Қылмыстық топ мүшелерінен жалпы көлемі 200 тонна болатын дизель жанармайының ыдыстары табылған, олардың жанар-жағармай материалдарын сатып алу бойынша заңсыз қызметке қатысы барын дәлелдейтін құжаттық және басқа материалдар алынған. Облыстық прокуратураның мәліметтері бойынша, осы қылмыстық іске барлығы 11 адам күдікті болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу