Атырауда мұз ойығына түсіп кеткен екі жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
7 наурыз күні Жайық өзенінде екі жасөспірімнің мұз ойығына түсіп кеткенін байқаған қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі мен қызметкерлері дереу көмекке келген.
Судан құтқарушылар жасағы келіп жеткенше патрульдік полицейлер жасөспірімдерге арқан жіп жеткізіп өздерінің беліне байлап балалардың суға батып кетуіне жол бермеген. Санаулы уақытта адам өміріне араша түспесе тілсіз жауды жеңе алмайтынын түсінген тәртіп сақшылары мен төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері 2007 жылы туған жасөспірімдерді дер кезінде жағаға шығарып, жедел-жәрдем шақырылып алғашқы медициналық көмек көрсеткен.