Мұнайлы шаһарда 95 теңгеден сатылып келген ас атасы – кей дүкендерде 115 теңгеден саудалануда. Бағаның бірден 20 теңгеге өсуіне жұрт наразы. "Онсыз да жан-жақтан қымбатшылық қысқанда, күнделікті тұтынатын нанның бағасына неге ие болмайды?" деп ашулы. Әкімдіктегілер болса қымбатшылық мұнымен тоқтамай, ұннан әзірленген тағам түрлері әлі де өседі деп айды аспанға бірақ шығарды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу