Атырауда нан антисанитария жағдайында пісірілген

194

Заңды тұлғаға айыппұл салынды. 

Атырауда нан антисанитария жағдайында пісірілген Фото: Бизнес бюро

Мамандар Атырауда нан өнімдерін антисанитария жағдайында пісірген наубайхананы анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ақ жайық" газетінің жазуынша, қала тұрғыны жергілікті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тиісті жағдайды хабарлаған. Мамандар нан пісірілген жерде қол жууға арналған раковина жоқ екенін анықтады. Бұдан басқа желдету және ауаны баптау жүйесінің тазаланбағанына да көп болған. 

Мұндай орындарда болуы тиіс қажетті құрылғылардың жоқтығы да анықталып отыр. Нан өнімдері лас жерде пісірілген.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы наубайханаға 90 мың теңгеден аса көлемде әкімшілік айыппұл салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу