Атырауда нәресте өліміне қатысты тергеп-тексеру басталды

1365

Дәрігерлердің нәресте өлімінің алдын алуға мүмкіндігі болған. Атырау облысының прокуратурасы осылай хабарлап отыр.

Атырауда нәресте өліміне қатысты тергеп-тексеру басталды

Атырау қаласы прокуратурасының тексерісінен кейін, аяғы ауыр әйелге медициналық қызмет көрсету кезінде №3 қалалық емхана қызметкерлерінің кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамағаны анықталған. Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 317-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

"Іс облыстық полиция Департаментінің өндірісінде. Облыс прокуроры аталған қылмыстық істің жан-жақты және объективті тергелуін ерекше бақылауға алды",– делінген прокуратура таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, бұндай жағдай №4 және №5 қалалық емханаларында да орын алған. 5 анаға медициналық қызмет толық көрсетілмеген.

Аталған фактілер қала прокуратурасының ақпараттарды есепке алу кітабына тіркеліп, процестік шешім қабылдау үшін қалалық полиция басқармасына жолданыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу