Атырауда облыстық әкімдіктің ірі шенеуніктері ұсталды

671

Оларға пара алды деген айып тағылған.  

Атырауда облыстық әкімдіктің ірі шенеуніктері ұсталды

Атырауда облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаровке парақорлық қылмысы бойынша айып тағылып отыр. Оларды бүгін Астанадан Атырауға арнайы келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бір топ қызметкері 182 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұстаған.

Істің мән-жайы әзірге хабарланған жоқ, дегенмен, оны өткен шілде айының басындағы ИВЛ-аппаратымен байланыстырып, болжам айтып жатқандар бар. Нақтылай кетсек, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының Оралдан жасанды желдету аппаратын алудан бас тартып, оны бірнеше есе артық бағасына Түркиядан алмақ болғандығы жөнінде қоғам қайраткері Азат Перуашев мәселе көтерген болатын. Аталған басқарма өз кезегінде бұл облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың бұйрығы екенін айтып салған-ды. Кейін прокуратура мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары осы мәселеге орай  тексеру жұмыстарын бастады. Алайда қазір олардың параны құрылыс компанияларының бірін тендерден өткізу үшін алғаны белгілі болып отыр.

Құралай Қуатова,

Атырау облысы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу