Атырауда ойын-сауық орталығында ойнаған бала биіктен құлап жарақаттанды

571

Атырауда балалар алаңында ойнап жүрген 12 жасар жеткіншек биіктен құлап кеткен, деп жазады inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

Атырауда ойын-сауық орталығында ойнаған бала биіктен құлап жарақаттанды Фото: Егемен Қазақстан

Оқиға кеше, 28 наурызда "Атырау" сауда-ойын-сауық орталығында болған. Орталықтағы балалар алаңында ойнап жүрген 12 жасар жеткіншек биіктен құлап кеткен. Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шақырылған.

"Ойнап жүрген бала абайсызда 5-6 метр биіктен құлаған. Ол сол аяғындағы тобық буыны тұсынан жабық жарақат алған. Балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімшесіне жеткізілді", - деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Наргиз Баймолдаева.

Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері баланың денсаулығына медициналық тексеру жүргізген. Содан кейін ауруханаға жатқызудың қажеттілігі туындамағандықтан, бала үйіне жіберілген.

"Аталған дерекке қатысты баланың ата-анасынан ешқандай арыз түскен жоқ. Оқиғаға байланысты жинақталған іс құжаттары облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына жолданды", - деп мәлім етті депаратменттің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу