Атырауда ойыншықтан шу шықты

1549

Ойыншықтарды "әкім кеткесін жинап алғаны" жөніндегі ақпарат теріске шығарылды.

Атырауда ойыншықтан шу шықты

Атырауда балалар күні мерекесінде облыс әкімінің "Сәбилер үйі" тәрбиеленушілеріне сыйлаған ойыншықтарын қайдан жинап алып кеткені жөніндегі ақпарат жалған болып шықты. Аталған мекеме басшысы "мұндай жала жүрегін ауыртқанын" айтады, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Шағымданған ата-ана: "Бүгін Атырау қаласында балалар қорғау күні деп, жетім деп ауратын балдарды шақырып поздравит етті, балдарға ойыншық берген, әкім кеткеннен кейін берген ойыншықтарын бәрін қайтадан жинап алған... Осындай показуханы неге жасайды, акимат осылай жасап отырса басқаларынан не сұрауға болады? Жетімдерді басынғанына ішім күйіп бара жатыр", – деп жазған болатын. 

Алайда мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері Райса Баймұханова сәбилер мерекесі күні келген ойыншықтарды ешкімнің жинап алуға, алып кетуге құқығы жоғын, қазіргі күні мекемедегі 23 баланың олармен ойнап отырғанын айтады. Белгілі болғандай, ойыншықтарды әр баланың жасы мен ерекшелігін, талғамын ескере отырып, бөліп берген. Ескерте кететіні, бұл жердің тәрбиеленушілері мен стационарлық ем алатын бүлдіршіндер оларды ғимарат ішінде ғана қолдана алады, шағымданып жүрген ата-ана оларды үйіне алып кеткісі келген болуы мүмкін. 

"Біздің мекемеге байланысты шыққан жалған ақпарат жүрегімізді ауыртты. Өмірімізді осы салаға арнаған адам ретінде мұндай жала есту өте ауыр екен. балалардың әрқайсынының сыйлықтары өз бөлмесінде тұр, өздері күнделікті ойнайды", - деп түсіндіреді Райса Баймұханова.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу