Атырауда өкпесі қабынған әйел дүниеге егіз әкелді

1405

Соңғы жылдары егіздер мен үшемдер саны көбейіп келеді.

Атырауда өкпесі қабынған әйел дүниеге егіз әкелді

Атырауда соңғы жылдары егіздердің, үшемдер мен төртемдердің саны көбейіп келеді. Бірақ, оның себебі әзірге ғылыми тұрғыда зерттеліп отырған жоқ, - деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Облыста 21 сәуір күні модульдік жұқпалы аурулар ауруханасына пневмония диагнозымен жатқызылған жүкті әйел егіз ұл босанды. Олардың есімін босандырып алған дәрігерлердің құрметіне Мерей және Нұрлан деп қойған. Сәбилердің туған кездегі салмағы - 3240 гр және 3450 гр, нәрестелерге жүргізілген ПЦР-тест теріс нәтиже берген. 

Сондай-ақ, осы айда Рашид Байыров пен Мөлдір Мәжитовалар да егіздердің ата-анасы атанды. Бұл отбасында осыдан 11 жыл бұрын да егіз балалар дүниеге келген екен. 

"Облыс бойынша 2019 жылы 139, 2020 жылы 136 егіздер мен үшемдер дүниеге келді", - деп хабарлады облыстық перинаталды орталықтың баспасөз қызметінен.

Өкінішке қарай, тиісті мекемелерде егіздер, үшемдер мен төртемдер "көпұрықты жүктілік" деген ортақ атаумен тіркеледі де, әрі қарай бөліп көрсетілмейді. Сол сияқты, облыстық старитистика департаментінің сайтында да дүниеге келген сәбилердің жалпы саны ғана көрсетілген. Өңірде соңғы жылдары егіздер санының көбейгені көзге түседі. Ғаламтор бетінде оған себеп ретінде генетикалық фактор, экстрокорпаральды ұрықтандыру (ЭКҰ), босанатын әйелдің жасы, бойы сынды көрсеткіштермен (қырықтан асқан, ұзын бойлыларда жиі кездеседі) қатар экологиялық жағдайдың нашарлауы да айтылуда. Алайда, аймақ бойынша бұған  дейін оған арнайы зерттеу жүргізілмеген.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу