Атырауда оқушылардың таяқ жегенін жасырған 5 мектеп директоры жауапқа тартылды

1594

Өңірде балаларға қатысты құқықбұзушылық деректері анықталды. 

Атырауда оқушылардың таяқ жегенін жасырған 5 мектеп директоры жауапқа тартылды Фото: canva.com

Облыстық прокурорлардың мәліметінше, мектептерге кәмелетке толмағандарға тиіскен және денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 3 адам жұмысқа орналастырылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар, жоғары сынып оқушыларының ұрып-соғу деректерін және басқа да құқыққа қарсы іс-қимылдарды жасырғаны үшін ӘҚБтК-нің 127-1-бабы бойынша 5 мектеп директоры әкімшілік жауаптылыққа тартылды (кәмелетке толмағандар жасаған құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы хабарламау).

16 мемлекеттік және 1 жекеменшік мектепте тыйым салынған интернет-контентке еркін қол жеткізу деректері анықталды. Қазір осы сайттарға шектеу енгізіліп, кінәлілер ӘҚБтК 409-бабының 7-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды (білім беру ұйымдарының Интернет желісіне білім алушылардың қолжеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамауы).

Барлығы 129 мемлекеттік және 11 жекеменшік мектеп тексерумен қамтылып, нәтижелері бойынша заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы 91 ұсыныс енгізілді, 108 заңды және 55 лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 1 адам жалған дипломды пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, осыған ұқсас деректер бойынша тағы 2 соталды тергеп-тексеру басталды, 353 миллион теңге сомасына негізсіз жоспарланған мемлекеттік сатып алу тоқтатылды.

Осы бағыттағы тексерулер жалғасып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу