Атырауда он жолаушы автобусы ұйымдастырылды

1021

Олар коменданттық сағат кезінде келген жолаушыларды тасиды.

Атырауда он жолаушы автобусы ұйымдастырылды

Атырауда қалаға түнде келетін жолаушылар үшін автобус тасымалы ұйымдастырылды. Облыста антиреррорлық қауіптің "қызыл" деңгейі алынып тасталғанымен, коменданттық жағдай режимі әлі күшінде, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Айта кетейік, түнгі 23.00-ден таңғы 07.00-ге дейін жарияланған қатаң режим кезінде осы уақыт аралығында пойыз немесе ұшақ арқылы өңірге келетін жолаушылар қиналып қалған. Тәулік бойы жұмыс істейтін "109" call-орталығына да қажетті жеріне жете алмаған тұрғындардан шағым көп түсіпті. 

"Енгізілген коменданттық сағат кезеңіне орай, Атырау қаласына түнгі уақытта келетін адамдарды тасымалдау үшін, теміржол вокзалы мен әуежайдан қаланың шағын аудандары, оның ішінде қала маңы бойынша 10 жолаушылар автобусы тасымалы ұйымдастырылды. Қала бойынша нақты маршруттар жолаушылар жиналатын орындарда ұйымдастырылды", – дейді Атырау облысы жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы.

Көліктер қаланың маңайындағы елді мекендерге баратын тұрғындарды да жеткізіп салмақ.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу