Атырауда өндіріске велосипед енгізілді

714

Ол мұнай айдау стансасының қызметкерлеріне арналған.

Атырауда өндіріске велосипед енгізілді

Атыраудағы "Каспий Құбыр Консорциумы" компаниясы өндіріске велосипед енгізді. Белгілі болғандай, кәсіпорынның мұнай айдау стансасы 13 гектар аумақты қамтиды. Бір ауысымда екі жүзге жуық адам жұмыс істейді. Мұнай толтырылған қазандықтардың арасымен жүру оны аралайтын қызметкерлердің өмірі мен өндіріске қауіп төндіріп келген. Компания басшылығы өнеркәсіп кешенін велосипедпен аралау барынша тиімді, пайдалы әрі қауіпсіз тәсіл екеніне сенімді. Ол туралы ұсынысты қызметкерлердің өздері беріпті. 

"Велосипедтерді сатып алу компания қызметкерлеріне және олардың жұмысына оң әсер етті. Айталық, қызметкерлердің салауатты өмір салтын ұстануы дағдыға айналды, технологиялық операциялар жедел орындалатын болды, станса аумағы бойынша қозғалыс жылдамдығы үш есеге, сағатына 5 шақырымнан 15 шақырымға дейін ұлғайды", – деп тізбелейді мұнай айдау стансасының басшысы Саламат Сәрсенғалиев.

Мұнай айдау стансасында велосипед енгізілген сәттен бастап жарақат немесе зақым туралы бір де бір шағым тіркелмепті. Сондай-ақ, аумақтағы қозғалыс жылдамдығы үш есеге артқан.  

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу