Атырауда өнер мектебі бір фортепианоны 1,5 млн теңгеге сатып алмақ болған

348

Ал аспаптың орташа бағасы бұдан 2,3 есеге арзан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырауда өнер мектебі бір фортепианоны 1,5 млн теңгеге сатып алмақ болған Фото: canva.com

"Махамбет аудандық білім бөліміне қарасты З.Ещанова атындағы балалар өнер мектебі фортепианоның бір данасын 1 млн 510 мың 400 теңгеден сатып алуды жоспарлаған. Осылайша, 10 музыкалық аспап үшін жалпы сомасы 15 млн 104 мың теңге қарастырылған", – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.

Мониторинг барысында жоспарда көрсетілген тауардың орташа бағасы 651 мың 544 теңге екені анықталып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу