Атырауда орталық көпір жөнделмек

1520

Жөндеу жұмысы бұдан жиырма жыл бұрын жасалған.

Атырауда орталық көпір жөнделмек

Атырау қаласында 1965 жылы салынған орталық көпірдің аралық тіректерін тексеріп жатыр. Көпір бұдан жиырма жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен. Ал 2016 жылы оның техникалық жағдайын тексерген кезде тіректері ескіріп, тағы да күрделі жөндеу жүргізуді қажет етіп тұрғаны белгілі болған. Белгілі болғандай, бұл жолғы тексеру нысанды жөндеу жұмысының жобалық-сметалық құжаттарын жасақтау үшін қажет болыпты.

"Қазіргі күні зерттелетін учаскенің геологиясын, яғни топырақ ерекшелігін бағалау және нақты жағдайларға жауап беретін жобаны әзірлеу үшін қажетті деректерді алу мақсатында инженерлік-геологиялық іздестірулер жүргізілуде", - деп түсіндірді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу