Атырауда өртенген мейрамхананың шатыры опырылып түсті

135

Ғимараттағы өрттің тұтану себебі анықталады. 

Атырауда өртенген мейрамхананың шатыры опырылып түсті Фото: Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Бұл туралы Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ТЖД мәліметінше, мейрамханадағы өрт туралы 30 мамырда сағат 21:15-те хабар берілген.

"Атырау қаласында Ш.Уәлиханов көшесіндегі екі қабатты мейрамхана өртенді. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезде екі қабатты көпфункционалды кешеннің жанып жатқаны анықталды. Мейрамхананың жалпы аумағы – 2750 шаршы метр. Жалын 280 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрттің салдарынан ғимараттың 25 шаршы метр шатыры опырылып түсті", - делінген хабарламада. 

Өрт сағат 22:30-да оқшауланып, 10 минуттан соң толық сөндірілді. Жалынды сөндіруге 58 адам, 13 бірлік техника жұмылдырылды.

 "Мейрамханадағы өрттің тұтану себебі анықталады. Тұрғындар мен түрлі нысан иелерінен өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз", - деп хабарлады ТЖД.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу