20 сәуір күні сағат 17:50 шамасында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Атыраудағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шыққанын байқап, дереу тұрғындарға көмекке келді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Полицейлер 10 минуттың ішінде 60 адамды эвакуациялады. Сондай-ақ, ішінен құлыптанып қалған 2 қарияның пәтеріне есікті бұзып кіріп, қауіпсіз жерге шығарып үлгерді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу