Атырауда өрттен 20 адам құтқарылып, эвакуацияланды

328

Өрт екінші қабаттағы балконнан шығып, үшінші қабатқа да зақым келді.  

Атырауда өрттен 20 адам құтқарылып, эвакуацияланды Фото: Бейнежазбадан

Атырауда бес қабатты тұрғын үйдің балконында өрт шығып, 20 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өрт М. Баймұханов көшесіндегі үйдің екінші қабатындағы балконда болған. Үшінші қабаттағы балкон да ішінара зақымданған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері 5 адамды, оның ішінде бір баланы құтқарды. Тағы 15 адам, оның ішінде бір бала эвакуацияланды. Адамдар құтқару қалпақтары мен автосатының көмегімен шығарылды.

Өрт шағын аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу