Атырауда алғаш рет "Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері" атты халықаралық форум өткізілуде. Форум аясында бірқатар мәдени және ғылыми іс-шара өтеді, деп хабарлайды облыстың өңірлік коммуникациялар қызметі.
"Көрісу", "Жаңа жасыңмен, Ұлы далам" ұлттық дәстүрлерді жалғастыруға арналған ауқымды театрландырылған фестиваль И.Тайманов пен М.Өтемісұлы атындағы орталық қалалық алаңда өтті.
Аталған іс-шараның халқымыздың салт-дәстүрлерін, мәдениетімізді, өмір сүру салттарын одан әрі байыту және жас буынды қалыптастыру үшін маңызы зор. Іс-шарада 700-дей әртіс, 5 елдің өкілдері, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресей мен Өзбекстаннан келген 30 шығармашылық ұйым өнер көрсетті.
Атырау облысының этно-мәдени бірлестіктерінің өкілдері өз киіз үйлерін орнатып, мереке қонақтарына ұлттық тағамдарын ұсына отырып, мәдени салт-дәстүрлерін көрсетті.