Атырауда оториноларингологтардың Каспий форумы басталды

905

Форумға Германия, Польша, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина, Грузиядан келген оториноларингология саласындағы үздік мамандар жиналған.

Атырауда оториноларингологтардың Каспий форумы басталды

Атырауда оториноларингологтардың Каспий форумы басталды, деп хабарлайды өңірліккоммуникациялар қызметі.

Форумға Германия, Польша, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина, Грузиядан келген оториноларингология саласындағы үздік мамандар жиналған.

Ресейдің Оториноларингология ғылыми-клиникалық орталығының директоры, профессор Николай Дайхес оториноларингологтар Еуразиялық Ассамблеясының қалай құрылғанын сипаттады.

"2014 жылы біз Мәскеуде осы ассамблеяны құрдық және оның президенті Райс Төлебаевты бірауыздан сайладық. Және біз өзіміздің кәсіби мәселелерімізді ғана емес, жалпыға ортақ қызметтердің ауқымды мәселелерін талқылау міндетін алға қойдық. Бұл заманауи технологиялар жетістіктерімен алмасу. Қоғамдық, азаматтық деңгейде тәжірибе  алмасудың маңызы зор. Бұл тек ғылыми-практикалық конференция емес, бұл азаматтық қоғамның диалогы. Дәрігерлер - осындай кездесулерге қанша мемлекеттің қатысқанын ескере отырып, түрлі пікір қалыптастыратын қоғамдық адамдар. Бұл-жиналыстың ерекшелігі ", - деп атап өтті Николай Дайхес.

Екі күндік форумда заманауи хирургия бойынша шеберлік сыныбы өткізіледі. Операцияларды жасалып, науқастарға кеңес беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу