Атырауда өзін өртеген ер адам ауруханада қайтыс болды

336

Дәрігерлер оған қажетті ем-домның бәрін жасады.

Атырауда өзін өртеген ер адам ауруханада қайтыс болды Фото: Inbusiness.kz

Жақында өзін өртеген ер адам  ауруханаға түскен еді. Денесінің 81 пайызы күйіп кеткен ер адам бүгін облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, облыстық ауруханаға өзін-өзі өртеген адам 14 қаңтарда кешкі сағат 20:15–те жеткізілген.

"Дәрігерлер ер адамның денсаулық жағдайын жіті тексерді. Науқас жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Оның жағдайы ауыр болды. Денесінің 81 пайызынан астамын күйік шалған. Дәрігерлер оған қажетті ем-домның бәрін жасады. Бүгін таңғы сағат 04:30-да облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан ер адам есін жимастан қайтыс болды", -делінген хабарламада.

Айта кетсек, оқиға Мақат ауданында болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу