Атырауда паралимпиада жүлдегерлеріне пәтер мен автокөлік берілді

849

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Токиода өткен паралимпиадаға қатысқан жерлестерімізді марапаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атырауда паралимпиада жүлдегерлеріне пәтер мен автокөлік берілді

Жүлдегерлерлердің әрқайсысына екі бөлмелі пәтер мен автокөлік кілті табысталды. Сондай-ақ, Парадзюдодан Қазақстан Республикасының бас жаттықтырушысы Жандос Қияновқа 4 миллион теңге, аталған додаға қатысушыларға 1 миллион теңгелік сертификаттар табысталды. 

Ел құрамасы сапындағы 8 атыраулық спортшының 3-уі ел қоржынына күміс жүлде салған.. 

Олар парадзюдошылар: Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина. Ал, Аманжол Жанбота осы спорт түрінен 5-орын, Нұрлан Домбаев паратаеквондодан 5-орын, Ержан Сәлімгереев паражүзуден 6-орынды иеленді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу