Атырауда параның орташа көлемі 13 мың теңге

1085

Былтыр бұл көрсеткіш 5 млн теңге болған.

Атырауда параның орташа көлемі 13 мың теңге

Атырау облысында берілетін параның орташа көлемі 13 мың теңге екен. Ал аймақтағы жемқорлық қылмысы 39 пайызға дейін азайған. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Сондай-ақ коррупцияға қарсы қызмет соңғы 6 жыл ішінде 50 азаматқа 7 млн теңгеден астам сыйақы берген. Атап өтетіні, егер жемқорлық дерегі болғанын хабарлаған адамның мәліметі шындыққа сәйкес келетіні анықталса, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. 

"Қазіргі күні Атырау облысында берілетін параның орташа көлемі 13 мың теңге құрайды, ал 2020 жылы бұл көрсеткіш 5 млн теңге болатын. 2020 жылы өңірдегі барлық берілген параның жалпы көлемі 193 млн теңге, ал биылғы 9 ай ішінде 507 000 теңге құрады", – дейді Айдос Жанұзақұлы.

Сондай-ақ 2020 жылдың 9 айында аталған қылмыс түрі бойынша 95, биыл осы кезеңде 58 дерек тіркелген. Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық бойынша 28 адам сотталған, оның ішінде 4-еуі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары. Коррупция көрсеткіштері бойынша "алғашқы үштікке" 18 фактімен құқық қорғау органдары, 11 фактіден анықталған әкімдіктер мен салық органдары кіреді. Заң бұзушылықтардың басым бөлігі пара алу (39), жымқыру мен алаяқтыққа (15) байланысты. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу