Атырауда пәтер алуға көмектесемін деген алаяқ ұсталды

793

Жақында Атырау қаласы Нұрсая ықшам ауданының 29 жастағы тұрғыны өзінің алаяққа алданғаны туралы арыз түсірген.  

Атырауда пәтер алуға көмектесемін деген алаяқ ұсталды

Ол  үш бөлмелі пәтер алып беремін деген 38 жастағы азаматшаның сөзіне сеніп, 2 млн. теңге қаражатын берген. Нәтижесінде пәтер алмай, ақшасын қайтара алмаған жәбірленуші өзінің алаяқтың торына түскенін аңғарған. Аталған дерек бойынша Атырау қалалық ПБ-мен ҚР ҚК-тің 190-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Іс бойынша жүргізілген жедел-тергеу амалдарының нәтижесімен осы қылмысты жасады деген күдікпен 1982 жылы туған азаматша анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу