Атырауда пәтерден шыққан өрттен 10 адам эвакуацияланды

260

Пәтер иесі жеңіл күйік алды.

Атырауда пәтерден шыққан өрттен 10 адам эвакуацияланды Фото: Бейнежазбадан

Атырау қаласындағы Привокзальный-3 шағынауданында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар түтін басқан аймақтан арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен 10 адамды, оның ішінде үш баланы эвакуациялаған.

Өрт шыққан пәтердің иесі жеңіл күйік алып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Өрт толық сөндірілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу