Атырауда педофил қолға түсті

909

Оны полицейге ұстауға көмектескен азаматтар марапатталды 

Атырауда педофил қолға түсті

Атырауда 6 тамыз күні сағат 19.30 шамасында  "Көктем" ықшамауданында жас балаға сексуалдық сипаттағы зорлық зомбылық әрекетін жасауға оқталған адам қолға түскен болатын. Белгілі болғандай, күдікті адамның оғаш қылықтарын дер кезінде байқап, секемденіп, оны құрықтауға көмектескен қала тұрғындары Шамиль Кулиев, Артур Новиков және он алты жасар Әлішер Төлеген болып шықты.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев кәмелетке толмаған баланы зорлықтың құрбаны болудан құтқарып қалған азаматтарды арнайы шақырып қабылдады.

Облыстың Бас полицейі қылмыстың алдын алып, күдіктіні ұстауда көрсеткен көмектері үшін оларды Алғыс  хатпен марапаттап, сыйлықтар табыстады. Ал Әлішерге  азаматтық ұстанымы мен осындай жағдайға бей-жай қарамай көмекке келгені үшін алғыс айтып, болашақта ішкі істер органдарында қызмет етуге шақырды. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу