Атырауда полицей жеке үйдегі өртті байқап, тұрғындарды шұғыл эвакуациялады

364

3 тамызда М.Өтемісов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінің ауласында электр желісіне тиіп тұрған ағаш бұтақтары тұтанған.  

Атырауда полицей жеке үйдегі өртті байқап, тұрғындарды шұғыл эвакуациялады Фото: polisia.kz

Сол сәтте көшеден өтіп бара жатқан Атырау қаласы полиция басқармасының ювеналды полиция тобының инспекторы Максим Доскалиев қауіпті жағдайды байқаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жағдайдың күрделілігін бірден бағамдаған полиция қызметкері уақыт жоғалтпай тұрғын үйге кіріп, адамдарды сыртқа шығарды. Тұрғындар қауіпсіз жерге эвакуацияланып, ықтимал қауіптің алдын алуға мүмкіндік туды.

Полиция қызметкері Максим Доскалиевтің қырағылығы мен дер кезінде қабылдаған шешімінің арқасында тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, өрттің ауыр салдарға әкелу қаупі сейілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу