Атырауда полиция капитаны өзінің қызметін асыра пайдаланып, алаяқтық жасаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қылмыстық іс №2 Атырау сотында қаралды.
Тергеу мәліметінше, Атырау облысы полиция департаментінің криминалдық полиция жедел басқармасында полиция капитаны өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып бөтеннің мүлкін ұрлаған. Сотталушы құқық қорғау органында қызмет атқара отырып, жәбірленушінің білімсіздігін, психологиялық жағдайын пайдаланып, олардың қаражатын заңсыз иемденген.
Х.Н. тағылған айып бойынша кінәлі деп танылды. Сонымен қатар алған қаражаттың он еселенген мөлшерін төлеуге міндеттелді.
Жұмыстан қуылып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.